Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр

c 11:25, 13/09/2018 c 715

0:00 / 0:00

Күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Қазіргі таңда қалада 2000-ға жуық ер азамат медициналық тексерістен өту үшін арнайы военкоматқа шақыртылыпты. Сала мамандары бұл науқан желтоқсанға дейін жалғасады,- дейді. Отан қорғайды деп үміт артып отырған ер азаматтардың денсаулығы әскерге қаншалықты жарамды?

Ер азаматтың басты міндеті мен парызы ол туған елін сыртқы жаудан қорғап, ел басына күн туған шақта қорған бола білу. Бүгінгі таңда Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге шақыру науқаны басталды. Қазіргі таңда 2000-ға жуық оралдық ер азамат қасиетті борышын өтеу үшін, арнайы медициналық тексерістен өтіп жатыр. Бүгінде заң талаптарына сәйкес 18 жасқа толған, дені сау азаматтың баршасы әскерде сап түзеуге міндетті. Алайда, дені сау бола тұра парызын өтегісі келмейтін жандар заң алдында жауап беріп, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қорғаныс істер саласының мамандары жыл санап әскерге баратын жандардың саны артып келеді,- дейді. Бірақ, денсаулығына байланысты көбі әскерге жарамай қалады екен. Болашақ сарбаздардың көзі көрмейді немесе май табан болып шығатын деректер көп. Дәрігерлер бұл нәубет экологияның жағдайы мен спортпен шұғылданбаудың салдарынан орын алып жатады дегенді айтып отыр. Ақ халаттылар ұл тәрбиелеп отырған жандарға бауыр еті баласын спортқа баулып, денсаулығын жіті назарда ұстауға кеңес береді.

Күзгі науқан келер желтоқсанға дейін жалғаспақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.