Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әскерге шақыру науқаны басталды

c 16:23, 04/09/2020 c 1118

0:00 / 0:00

ҚР аумағында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Аталмыш науқан 30-желтоқсанға дейін жалғаспақ. Қазіргі таңда 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Күз бен көктемде қорғаныс істері жөніндегі басқарманың мамандары әскерге жарамды ер азаматтарды іріктейді. Бүгінгі таңда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Медициналық тексерістен өтіп, денсаулығы мен жағдайы келіскен азаматтар шекара шебінде Отан алдындағы борышын өтемек.

Биыл 200 оралдық азаматты әскерге жөнелту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда медициналық тексерістен өтіп, әскери борышын өтеуге аттанғалы жүрген жанның бірі -Асқар Төремұратов.

Дәрігерлер қауымы медициналық тексерістен өткен ер азаматтардың 10-15 пайызы ғана әскерге жарамсыз болады,- дейді.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың мамандары әскерден қасақана жалтарып, Отан алдындағы борышын өтегісі келмейтін жандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.