Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ashyq" қосымшасы іске қосылмақ

c 17:25, 14/04/2021 c 428

0:00 / 0:00

14-ші сәуірден бастап "Ashyq" мобильді қосымшасы жұмысын бастайтын болады. Бұл туралы облыстық жедел штаб отырысында айтылды. Яғни қызыл аймақтағы кәсіпкерлік секторлары жаңа формат бойынша талаптарды орындап, жұмысын жалғастыра алады."Ashyq" мобильді қосымшасы 14-ші сәуірден бастап жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Тұрғындар смартфонына "Ashyq" мобильді қосымшасын жүктеп, үйін, телефон нөмірін, тұрғылықты мекенжайын тіркейді. Кейін СПА орталықтарына, бассейндер мен боулинг алаңдарына кірер кезде оның QR-кодын тереді. Сол кезде аталмыш орталықтағы қызметкердің, не келушілердің індет жұқтырғанын не жұқтырмағанын, тіпті КВИ-мен ауырған адаммен қарым-қатынаста болғанын білуге болады. Мекеме қызметкерлері де өз кезегінде келушінің ЖСН-ін тексеру арқылы індет жұқтырғанын анықтай алады. Қосымшада тұрғындар тапсырған ПЦР талдаманың қорытындысы да сақталмақ. Айта кеткен жөн, бұл жоба бойынша облыстағы 700-ден аса кәсіпкерлік субъектісі жұмысын үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік алады. Бүгіннің өзінде 25 компаниядан өтініш түскен.
Қосымша сәтті жүзеге асқан жағдайда індет таралу көрсеткіші "қызыл" аймақтар тізіміне енгеніне қарамастан бұл нысандар жұмысын жалғастыра бермек. Облыс он алтыншы наурыздан бері "қызыл" аймақтар тізімінде. Ал өңір бойынша Орал, Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Казталов, Тасқала, Шыңғырлау аудандарында індет өршіп тұр. Облыстың бас дәрігері Арман Қалибековтың айтуынша, қазір тұрғындар арасында вакцина алуға ниет танытқандар қатары артуда. КВИ-ге шалдыққан науқасқа шамамен емдеуге 500-900 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалады. Яғни ауру жұқтыру дерегі енді азаймаса, өңірдің экономикасы әлсіруі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.