Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АСАНДЫҚТАР ЖОЛҒА ЖАРЫМАЙ ОТЫР

c 18:12, 07/12/2021 c 1215

0:00 / 0:00

Қаланың іргесінде орналасқан Асан ауылының тұрғындары жарық пен жолға жарымай отыр. Бәйтерек ауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері толарсақтан саз кешіп, күз бен көктемде балшық кешіп жүр.

Асан ауылы облыс орталығының іргесінде орналасқан. Осы елдімекенге қарасты Бөкей Орда көшесінің тұрғындары жиырма жылдан бері жыл он екі ай бойы жолдың жоқтығынан зардап шегуде.

Осы азаматтар секілді Мирный көшесінің тұрғындары да жауын- шашында балшық кезіп, көлігі батпаққа батып, резеңкі етік киіп, жұмыс пен оқуға қатынайды. Және тұрғындардың ауыл көшелерінің жарықтандырылмауына да көңілдері толмайды. Қанша жыл өтсе де өзекті проблемалар өз шешімін таппаған.

Асан елдімекені Мичурин ауылдық округіне қарайды. Ауыл әкіміне тұрғындарды толғандырған сауалдарды жолдадық. Атқамінердің сөзіне сенсек, былтыр республикалық бюджет есебінен Асан ауылының 7 шақырымдай тас жолы жөндеу көрген. Әлеуметтік мекеменің қасында орналасқан және су басу қаупі бар аумақтарға тас жол салынған. Ал қос көшеге асфальт төсеу жобада болмапты.

Әкімнің сөзіне сенсек, келер жылы Мичурин ауылының бірнеше көшесіне жол салынбақ. Ал қос көшенің тұрғындары әлі біраз балшық кешіп, қараңғы көшемен үйден қалаға қатынамақ. Атқарушы билік алдағы 3-5 жылдың ішінде жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасалуы мүмкін деп мәлімдеді. Қаланың іргесінде орналасқан ауыл тұрғындары резеңкі етік киіп, балшық кешіп, шаң- тозаңмен тыныстап, әлі біраз жыл өмір сүретін жайы бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.