Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Арыстан 50 оқушы келеді

c 17:22, 26/06/2019 c 1107

0:00 / 0:00

Арыстан 50 оқушы Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығында демалатын болды. Бұл туралы орталық директоры Гүлсім Дүйсенғалиева мәлім етті. Оңтүстік өңірдің жеткіншектері 10-19 шілде аралығында демалыс лагерінің 4-ші аусымында тынықпақшы. Биыл маусымда «Дарында» 400 ден аса бала демалу жоспарланған. Қазірдің өзінде алғашқы екі ауысымда 210 жасөспірім тыныққан. Олар физика-математика бағытында олимпиада, байқауларда оза шауып жүргендер болса, екінші лектегілер - IT саласында талаптанып, табысқа жеткен оқушылар. Бүгін «Өрімтал» жас тілшілер легі демалыс орнына салтанытты жағдайда қарсыланды. Олардың дені Абай, Қадыр Пушкин әдеби оқулардың жеңімпаздары. 100 оқушының уақытын тиімді әрі қызықты өтуіне ұйымдастырушылар бар күшті саламыз дейді. Әр күнге түрлі шаралар жоспарланған. Жеткіншектер демалып қана қоймай, түрлі шеберлік сағаттардан өтіп, уақытты қызықты өткізбек. «Төртінші ауысым аты - үш тұғырлы тіл. Мұның ерекшелігі - Арыстағы жасөспірімдермен бірге көршілес Самара облысындағы қазақ диаспорасы отбасыларынан 20 бала келмек.  Сонымен қатар лагерге келуге ниет танытқандар қатары көп болғандықтан алдағы уақытта қосымша орындар ұйымдастырылмақ екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.