Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардагерлерге құрмет

c 17:41, 04/05/2018 c 1048

0:00 / 0:00

Жеңіс мерекесі мен отан қорғаушылар күніне орай сұм соғыста арпалысқан ардагерлердің еңбегі еленіп, марапатталды. Тағылымды шараға соғыс ардагерлері мен жастар қатынасты. Салтанатты шарада соғыс шебінде жаумен арпалысқан жандардың ерлігі баяндалды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында жаумен ерлікпен күрескен жандардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Жауынгерлер соғыс шебінде қасық қаны қалғанша жаумен арпалысып, жеңісті қолдан бермеді. Бүгінгі таңда, ерлігі барша адамзатқа үлгі болатын жандардың қатары жыл санап сиреп барады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері облыс аумағында өмір сүретін ардагерлерді құттықтап, марапаттады.

Жиында сөз алған Ұлы Отан соғысының ардагері Хамза Абдрахманов соғыс жылдарын есіне түсірді. Ол соғыс қимылдары жайында баяндап, жауынгерлердің ерлігін тілге тиек етті. Ардагер сөз соңында барша Қазақстандықтарды жеңістің 73 жылдығымен құттықтады.

Ардагерлердің ерлігі мен батырлығы баяндалған шара жас өнерпаздар даярлаған концертке ұласты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.