Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардагерлерді ардақтайық: Ақжолдықтар 104 жасқа толған соғыс ардагерін құттықтады

c 17:16, 01/10/2018 c 659

0:00 / 0:00

Соғыс ардагерлерін ұмытпай, ұлықтау "Ақ Жол" демократиялық партиясының дәстүріне айналғандай. Биыл да "Ақ жол" партиясы үрдісінен жаңылмай бүгінде 104 жасқа толып отырған соғыс ардагері Семен Акимовичті аяқтай барып құттықтады. Гүл шоғымен, арнайы сыйлықтарын ұстай келген "Ақжолдықтарды" соғыс ардагері құшақ жая қарсы алды. Айта кетерлік, бұл игі іс "Ақ Жол" Қазақстан демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мерғалиев Серік Ролланұлының бастамасымен жүргізіліп отыр.

Семен Данилин 1914 жылы Курск облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына бастан аяқ дерлік қатысқан. Семен Акимович кейіннен аты аңызға айналған Сталинград қаласын қорғауға қатысады. Курск, Днепр, 2-ші Беларусь фронты шайқастарын бастан кешіп, Украина мен Польшаны азат етуге қатысқан. Өзін құттықтай келген "Ақжолдықтарға" ардагер аспапта ойнап берді.
Қазына қарияларды құрметтеп, ардақтау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

Айта кетейік, Семен Акимович "Жауынгерлік ерлігі" медалымен, "Даңқ" "Ерлік" пен "Қызыл жұлдыз" ордендерімен марапатталған. "Ақ жол" демократиялық партиясының бұндай игі істері әлі де жалғасын таппақ.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.