Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардагерлер Елбасы жолдауын талқылады

c 14:09, 26/01/2018 c 987

Өңіріміздің ардагерлер кеңесі қаңтардың 10-ында жарияланған Елбасы жолауын талқылады. Шараға қатысқан ақсақалдар ел президенті жүктеген міндеттерді талқылаған еді. Жиында сөз алған қариялар ел үшін маңызды жұмыстарды жіпке тізіп, адами капиталды дамыту үшін біркелкі ұсыныстарын білдіріп өтті. Олар Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында айтылған тапсырмаларды орындауға атсалысқысы келетіндіктерін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ұрпақтар сабақтастығын да айтып өткен болатын. Қариялар ел үшін маңызды жұмыстарды жастармен бірлесе атқарғысы келетіндіктерін де жеткізді. Олар:  "Біздің өмірде түйгеніміз көп, біздер тәжірибемізді өскелең ұпақпен бөліскіміз келеді",- дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.