Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардагерге көмек керек

c 17:40, 12/02/2020 c 409

0:00 / 0:00

94 жастағы ҰОС ардагері Иван Болтанов жалғыз өмір сүруде. Денсаулығы сыр бере бастаған қарияға бүгінде тәртіп сақшылары қарайласып жүр. Мемлекет тарапынан өткен жылы баспана берілгенімен ардагер ол үйге бармаған. Жасы 100- ге таяған ҰОС ардагері Иван Болтанов майданға 17 жасында аттанған. Ол - Молдавияның тумасы. Иван Иванович Мәскеуден арнайы дайындықтан өткеннен кейін, Украин түбінде жауға қарсы шығады. Алғашында әуе күштерін басқарған майдангер кейін танктерді тізгіндейді. Батыр 28 мәрте парашютпен секіргенін айтады. Жеңіс туралы ақжолтай жаңалықты Чехословакия түбінде 12 мамырда естіген.Ардагердің өзге тірліктеріне еріктілер қолғабыс жасап тұрады. Ал зейнетақысын қызы алады. Осы орайда бір мәселе бар. Ол осыдан екі жыл бұрын болған жайт.Бүгінде қалада барлығы 48 ҰОС ардагердің көзі тірі, автопарк ауданында тұратын Иван қарт солардың бірі. Оған өткен жылы бір бөлмелі баспана берілген. Алайда майдангер бас тартқан. Тұрып жатқан үйін қызының атына рәсімдеп берген.Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл! Осы орайда мемлекет тарапынан бір жолғы 300 мың теңге көлемінде жәрдемақы берілетін болады. Десе де күн санап қатары саусақпен санарлықтай деңгейге жеткен ардагерлерді ардақтау баршаның парызы. Ата-анаға қартайған шағында қамқорлық жасау ұрпағының міндеті. Оны сезінетін де, сезінбейтін де бала бар. Сол себепті Отан үшін от кешкен батырларды ұмыт қалдырмайық. Қария биылғы мамырда 95 ке толады

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.