Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты үй мәселесі

c 18:04, 03/06/2021 c 593

Орал қаласында әбден тозығы жеткен үйдің тұрғындары әр күн мен түнін қауіппен өткізуде. Осыдан он жыл бұрын арнайы комиссия шешімімен ғимарат апатты деп танылса да, олар қауіпсіз жерге көшірілмеген. Қала әкімдігі жыл сайын уәде береді. Бірақ ол әлі орындалар емес. "Бір күні үйіндінің астында қаламыз ба деп" қорқып отырған тұрғындардың шағымын тілшіміз тыңдады.Кезінде орыстың атақты әншісі Федор Шаляпиннің өзі төрінде ән әуелеткен қазіргі тұрғынжайдың халі осы. Үй иелері 130 жылдық тарихы бар нысан жирмасыншы ғасырда ғана жөнделгенін айтады. Қаланың қақ ортасында орналасқан баспанада газ, су, әжетхана жоқ. Қалқиған төрт қабырғасы ғана. Барар жер, басар тауы жоқ тұрғындар осы апатты үйде күн кешуге мәжбүр.
Осылайша тұрғындар апатты үйлерінің орнына берілетін жаңа баспаналарын көруге құрылыс басына барып, салынып жатырған үйлердің жағдайымен танысқан. Бірақ құрылыс бітер уақыт жақындаған сайын шенеуніктердің уәдесі мың құбылып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы баспаналы болуды ұсыныпты. Ал бұл ұсынысқа бірді-бір инвестор қызығушылық танытпаған көрінеді.Бұл баспана осыдан он жыл бұрын апатты деп танылған. Үй иелері жаңбыр жауған сайын шатырдан су ағып, қыс болса жарық қабырғадан суық ішке еніп, беймаза күн кешеді. Оралдағы осындай 52 апатты үйде тұратын 249 отбасы пәтер кезегін күтіп отыр. Қаланың ескі бөлігіндегі мұндай тарихи нысандардың дені мемлекет қорғауына алынған. Алайда нәтиже көзге көрінер емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.