Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апатты мектеп бұзылуда

c 15:50, 27/01/2020 c 538

0:00 / 0:00

Оралда апатты деп танылған №33 ЖБОМ мектебін бұзу жұмыстары басталды. Құрылысқа жауапты учаске басшысының айтуынша ескі мектептің орнын тазалу жұмыстары көп ұзамай аяқталады. Бүгінгі жұмыстардың өзіне 30-ға жуық жұмысшы тартылған. Аталмыш білім ошағы өткен жылдың өзінде апатты деп танылып, білім алушылар осы аудандағы қос мектепке көшірілген еді. Өткен ғасырдың 30 жылдары салынған нысанды осыдан бір жыл бұрын аралап көрген халық қалаулылары да жарамсыз екеніне көз жеткізгені аян. Сол уақыттан бері қаржыландыру тетіктері қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігер құрылыс компаниясы анықталды. Бүгінде ескі ғимаратты бұзу жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Су жаңа мектептің құрылыс жұмысы наурыз айында басталады деп күтілуде. Ол кезде жұмысшылар қатары да артады дейді сала мамандары. Күні бүгін ескі ғимараттың спорт залын сүру ғана қалған. Жобаның негізгі құны 1 млрд. 165 млн теңге. Нысан 14 ай ішінде аяқталуы тиіс. Естеріңізге сала кетеміз Оралда №51 мектептің іргетасы құйылғанын бұған дейінгі таратқан ақпараттарымызда айтқан болатынбыз.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.