Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Апат айтып келмейді

c 18:35, 14/07/2020 c 576

0:00 / 0:00

БҚО әкімімен 2020 жылға өрт қауіптілігі артқан маусымда облыс аумағында орман және дала өрттерін болдырмау мақсатында іс-шаралардың жоспары бекітілген болатын. Алайда апат айтып келмейді демекші өрт қауіпті кезең басталғаннан бері өңірде 3 орман, 8 дала өрті орын алды. Жалпы көлемі 4654 га болатын алқапта 180 жану орын алыпты. Дала өрттері көбіне Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарында тіркелген. Жалпы көлемі 9363 га құрайды.
Облыс аумағында биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 51300 га, жаздық дәнді дақылдарды 159000  га, мал азықтық дақылдарды 42000 га және майлы дақылдарды 76000 га көлемінде себу жұмыстары жүргізілген. Шіліңгір шілде мен тамыздың аптап ыстығы – ауылдағы мал өсіретін ағайынның қарбаласқа толы кезі. Ал егістікті жинау барасында өрт қауіпсіздігі сақтала бермейді. Осы мақсатта төтеншеліктер ауыл шаруашылық бөлімдерімен бірлесіп, шаруа қожалықтарындағы және егін оруға қатыстырылатын техникалардың жай-күйіне тексеріс жүргізуде.
Апта сайын төтеншеліктер өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісіне жол бермеу мақсатында елдімекендер мен саяжай алқаптарында 172 рейдтік шаралар жүргізген. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 142 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдармен 17 өрт сөндіру бекеті құрылды. Дегенмен аталған өрт сөндіру бекеттері елдімекендердің өрт қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті облысқа 33 өрт сөндіру бекетін құру жұмыстары ұйымдастырылуда.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.