Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘНҰРАННАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АВТОРЛЫҒЫ АЛЫНА МА?

c 22:46, 18/02 c 37

0:00 / 0:00

Ескі Қазақстанмен біте қайнасқан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше мәртебе беретін Елбасы туралы заң ресми түрде күшін жойғанына бір жыл болды. Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты өткен жалпыұлттық референдумда халық дауыс берген маңызды өзгерістердің бірі – Негізгі заңнан Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты нормаларды алып тастау болды. Тіпті, парламент экс-президентті «Назарбаев зияткерлік мектептері», «Назарбаев университеті» және «Назарбаев қоры» жоғары қамқоршылық кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңды да қабылдады Парламент. Қорғаныс университеті Назарбаевтың ескерткішін де алып тастады. Экс-президент тұрғын үй және көлікпен қамтамасыз етіледі, зейнетақы алады, мемлекеттік күзетпен қамтылады. Ендігі мәселе Назарбаевтың әнұрандағы авторлығына тіреліп отыр. Әлеуметтік желіде, БАҚ беттерінде бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Қоғам әнұранда төл авторлары ғана қалуы керек деген ой айтады. Тіпті парламенттің қос палатасының төрағалары да бұл сұраққа жауап бергенін дәл қазір аталмыш мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ деген еді. Мәжілісте рәміздерді қастерелуге қатысты сауал жолдаған депутат Аманжол Әлтай әнұранда төл авторлардың ғана қалғаны дұрыс деп отыр.

Депутаттар ұсыныс түсіп жатса, қарауға дайныбыз деп отыр.

Тарихқа үңілсек, Қазақстанда 1992 жылғы 4 маусымда Рәміздер туралы заң қабылданды. Бұл заңмен мемлекеттік туымыз, елтаңбамыз және әнұранымыз қорғалады. 1992 жылдан 2006 жылға дейін әнұранның алғашқы мәтіні шырқалып келді. 2006 жылы Парламент 1956 жылы композитор Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжімеденов бірлесіп жазған «Менің Қазақстаным» әнін мемлекеттік әнұран етіп бекітті. Осы іс барысында авторлардың қатарына Нұрсұлтан Назарбаев қосылды. Экс-президент туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Осылайша еліміздің жаңа әнұраны 2006 жылы 11 қаңтарда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.