Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алматыда өгей әкесі өлімші етіп сабаған 2 жасар бала көз жұмды

c 14:40, 03/10/2019 c 478

Полициядағылар баланың қайтыс болғанын растады.

Сурет : Хабар 24

3 қазанда таңертең өгей әкесі өлімші етіп сабап, ауруханаға түскен 2 жасар баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Осыған қатысты Алматы полициясы түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полициядағылар баланың қайтыс болғанын растады. Баланы ұру фактісі тіркеле салысымен, күдікті дереу ұсталып, қамауға алынған. Ол өз қолымен істегенін мойындады. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-бөлігі, яғни "Қасақана адам денсаулығына ауыр зиян келтіру" бабы бойынша тергеу басталған.

- Қазіргі уақытта қаралып жатқан қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына, яғни "Адам өлтіру" бабына алмастырылып, полиция департаментінің тергеу басқармасына тапсырылды. Бұл жантүршігерлік қылмыс 23 қыркүйекте болған. Полицияға суыт хабар сағат 16:00 шамасында түсті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Алматы полиция департаментіндегілер.

Ер адам баланы сабаған кезде әйелі жұмыста болғанын айтқан. Ол полициядағыларға бала жылай берген соң қатты ашуға беріліп, не істеп, не қойғанын білмей қалғанын айтқан. Ол алдында осыған дейін ұрлық және тонау сынды бұзақылық фактісімен полицияға түскен болып шықты.

Ал дәрігерлер ауруханаға түскен баланың сау-тамтығы жоқ, хал-күйі адам төзгісіз жағдайда екенін нақтылаған еді.

Сілтеме көзі

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.