Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алматыда ер адам әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүріп, онысын видеоға түсірген

c 11:59, 03/10/2018 c 584

видеодан үзінді

Алматы полициясы әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Instagram желісінде жарияланды. Роликтен ережені өрескел бұзған жүргізушіге басқа көлік иелерінің жол беріп отырғанын көруге болады.

Сөйтсек, ол 2015 жылы түсірілген видеоны жариялаған. Онда ер адам кептелісті айналып өту үшін қарсы бағытпен жүруге мәжбүр екенін айтады.

View this post on Instagram

Как же меня бесят пробки

A post shared by Nazar Rollan (@nazarrollan) on

Полициядағылар жол ережесін бұзған жігіттің жауапкершілікке тартылатынын айтады. "Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері тексеру шараларына кірісіп кетті. Автор жариялаған осы видеода бірнеше жол жүру ережесі қатаң бұзылған. Әкімшілік заңнамаға сәйкес шара қолданылатын болады. Қазіргі уақытта оған іздеу жарияланды", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  Жол ережесін бұзған ер адамның парақшасында тағы бір видео жарияланды. Видеода жігіт асфальттың үстінде шанамен сырғанап жүргені түсірілген. Шана жүріп бара жатқан көлікке байланған.

View this post on Instagram

Совместно с @nelegal.kaz

A post shared by Nazar Rollan (@nazarrollan) on

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyida-er-adam-al-farabi-dangyilyimen-karsyi-bagyitta-292462/

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.