Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЛКОГОЛЬДІК ІШІМДІК САЛДАРЫ ҚЫЛМЫСҚА ИТЕРМЕЛЕДІ

c 16:23, 30/08/2023 c 42

0:00 / 0:00

БҚО полиция департаментінің келтірген ақпараты бойынша жыл басынан ауыр қылмыстың 78 фактісі тіркелген. Көп жағдайда азаматтарды бұл қылмысқа алкогольдік ішімдіктің әсері итермелеген. 26 тамыз күні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолдасының мойын тұсына пышақ жарақатын келтірген 1977 жылы туған тұрғынды қолға түсірген. Мән-жайды тексеру барысында қос азамат ішімдік ішкені анықталған.

АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА

БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ

БҚО криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын сауда орындарында жадынама тарату шараларын жалғастыруда. Іс-шара кезінде тәртіп сақшылары дүңгіршектерде оғаш қылығымен көзге түскен тұрғынды байқаған. Белгісіз азаматтан жауап алу барысында ер адамдарға арналған сөмке, келесі сауда үйінен әйелдерге арналған екі халатты жымқырғаны белгілі болды. Бөтеннің мүлкіне қол сұққан 49 жастағы азамат бұрын бірнеше рет сотты болған. Аталған факті ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) және 187-бабының 1-бөлігі (ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.