Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алғашқы сессия өтті

c 15:17, 18/01/2021 c 334

0:00 / 0:00

Қалалық мәслихаттың жаңадан сайланған депуттаттары алғаш рет бас қосып, төсбелгілері мен куәліктерін алды. 7-ші шақырылымға 22 депутат келді. Оның 17-сі "Нұр Отан" партиясының өкілі, үшеуі-ауылдықтар болса, "Ақ жол" партиясының 2 үміткері депутат атанды.

10-шы қаңтарда өткен сайлаудан кейін партиялардың қоғамдық кеңесі берген тізім бойынша қалалық мәслихаттың депуттаттары жасақталды. 7-ші шақырылымға келге депуттаттардың саны 22-ге жетті.

Биыл су жаңа депутат атанғандар қатарында педагогтар, дәрігер, инженер, мәдениет саласында қызмет жасайтын жандар, спорт бапкерлері мен кәсіпкерлер бар. Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жаңадан сайланған ел ағаларын құттықтап, төсбелгі мен куәліктерін табыстады.

Сессия отырысы барысында түрлі саяси партиялардың алғаш рет депутат атанған өкілдерін сөзге тарттық.

Жиында сөз алған шаһар басшысы жаңадан сайланған мәслихаттықтарға сәттілік тіледі. 7-ші шақырылымның алғашқы сессиясы түрлі салаға жауап беретін комиссия мүшелерін жасақтап, төрағаны тағайындаумен аяқталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.