Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алғашқы қар

c 17:32, 11/11/2020 c 471

0:00 / 0:00

Оралда биылғы алғашқы қар жауды. Ақ ұлпа темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілердің құтын қашырғандай. Ауа райының тосын сыйына дайын емес көлік иелері апатты жағдайға тап болып, жол бойында кептеліс орын алды. Осындай апаттың бірі таңертең Депо көпірінде болған еді.

Облыс орталығына қар түсіп, қыстың нышаны байқалды. Биылдыққа алғаш рет жауған ақ ұлпа Орал қаласының жолдарында темір тұлпарлар қозғалысының қиындауына себепкер болды. Мына бейнежазбадан "Депо" көпірінде автобус, Газель такси мен жеңіл көліктің соқтығысқанын көруге болады. Полиция қызметкерлерінің келтірген ақпарына сүйенсек, апаттың кесірінен жеңіл көліктегі әйел адам зардап шеккен. Тайғақ жолда апатқа түспес үшін арнайы орталыққа барып,көліктерінің дөңгелектерін ауыстыруға асыққан жүргізушілердің қарасы қалың. Шеберлер бір көліктің дөңгелегін ауыстыру үшін 30-40 минуттай уақыт қажет,- дейді.

Синоптик мамандар осы жұмада жаңбыр мен қаралас жауын жауады деп ескертіп отыр.

Алғашқы қар көлік жүргізушілері үшін үлкен сынақ екені белгілі. Жолда апат болмас үшін жол-көлік ережелерін сақтап, тас жолда арақашықты ескеріп, қысқы дөңгелектерді дер кезінде алмастыруды құнттаған жөн.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.