Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлеуметтік нан аз қамтылған отбасыларға қажет мөлшерде беріледі

c 17:32, 03/12/2021 c 1358

0:00 / 0:00

Әлеуметтік нан аз қамтылған отбасыларға қажет мөлшерде беріледі. Бұл туралы «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Мейірбек Нұркен мәлімдеді.Ол үшін аз қамтылған көп балалы отбасылар әлеуметтік осал топқа жататынын құжаттар арқылы көрсетіп, кез-келген әлеуметтік дүкеннен бірінші сұрыпты нанды қажет мөлшерде ала алады. Олар көп балалы отбасылар мен егде жастағылар немесе өзге де санаттағылар болуы мүмкін. Бұған дейін бір отбасына тәулігіне 80 теңгенің наны бір рет қана сатылатын еді. Оған да себеп бар. Бірінші сұрыпты нанды кей тұрғындар көп мөлшерде алып үй жануарларына берген деректер тіркелген. Яғни ысырапқа жол бермеу мақсатында жоғарыдағыдай шара қолданылған еді. Айта кеткен жөн, әлеуметтік нан дүңгіршектерге белгілі мөлшерде жеткізіледі. Қаладағы нан өнімдерін сататын дүңгіршектер бірінші сұрыпты нанды алуға таңғы 8-ден бастап кезектің болатынын айтады. Қаладағы 7 нан өндіруші наубайханада тәулігіне 35 мыңнан аса нан пісіріледі. Оның 22 пайызы, яғни 7000 нан бірінші сұрыпты ұннан дайындалады. Жалпы келісімге сәйкес, әлеуметтік нанның бағасы 80 теңге болып белгіленді. Алайда бұл баға келер жылдан бастап өсуі ықтимал екені де жасырын емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.