Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ӘЛЕУМЕТТІК ӘУЕ БИЛЕТІН ЕНГІЗУ КЕРЕК»

c 01:05, 12/10/2023 c 53

0:00 / 0:00

Қазақстанда әуебилеттерінің құны шарықтап тұр. Ел ішінде бір қаладан екінші қалаға жету үшін билет құны 50 мыңның үстінде. Әуеқатынасында бәсекелестік жоқ. Air Astana компаниясы бұл салада монополист болып алған. Оның құрамындағы FlyArystan лоукостері де кезінде қолжетімді бағамен қызмет көрсетеді деп құрылғанды. Қазір билет құнын қымбаттатып жіберген. Депутат Айдос Сарымның айтуынша, іс жүзінде лоукостер ұшағына билет бағасы бас компанияның бағасымен теңеседі, тіпті кейде асып түседі. Мәжілістің жалпы отырысында отандық әуе компанияларының билеттері тым қымбат екенін сынаған депутатарға көлік министрі өз жауабын айтты. Қарабаев бұл салада бәсекелестікті орнату қолға алынып жатыр деп ақталды.

Әуе билеттерінің тым қымбат екендігін қазақстандықтар жиі айтып, сынайды. Бірақ жылда баға шарықтамаса, оның тұрақталып жатқанын көріп отырған жоқпыз. Депутаттар министрден әлеуметтік билет енгізуді сұрады. Бұл студенттер мен көпбалалы отбасылар үшін тиімді болар еді. Сондай-ақ, жаз айларында әуе билетіне сұраныс артқанда жеңілдік жасалса деген ұсыныс та айтылды.

Алайда, министр Марат Қарабаевтың жауабынан түсінгеніміз мәжілісмендердің бұл ұсынысы жүзеге аспайтын сияқты. Әлеуметтік билет енгізу бастамасы қазынаға салмақ түсіреді деді ол.

Сондай-ақ, көлік министрі Қазақстан нарығында бесінші әуе компаниясы қашан пайда болатынын айтты. Қарабаев шетелдік екі компаниямен жұмыс жүргізіліп жатыр деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.