Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлеумет мәселесі

c 17:39, 12/11/2019 c 482

0:00 / 0:00

Оралдағы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуемттік қызмет көрсету аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесінен мыңға жуық қызмет алушы бар. Мекеме директорының орынбасары Абзал Молдағалиевтің айтуынша арнайы әлеуметтік қызметке зәру жандар қатары күн санап артып келеді екен. Әр апта сайын статистика жаңартылады.
Әлеуметтік мәселе болғандықтан, аталмыш жұмысты екінің бірі атқара алмайды. Ал сол жұмыс үшін не бары 50-60 мың теңге жалақы төленеді. Мейлінше, қарттардың жағдайына алаңдап, жанашырлық танытып, қамқорлық көрсетіп жүрген қызметкерлерге зор жауапкершілік жүктеледі. Солардың бірі - Роза Базарқызы. Күніне 10 мұқтаж жанға мейірім шуғатын төгетін оның Тихонов Борис қартқа деген көзқарасы өзгеше.
Сонымен қатар орталықта 2016 жылдан бері 40 мүмкіндігі шектеулі балаға арналған жартылай күндізгі станционарлық бөлімі іске қосылды. Қазір онда ем алушы балалар саны -41. Ем орталығы іске қосылған уақыттан бері 3 баланың дауасына ем табылып, олар арнайы балабақшаға жіберіліпті.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың ем алумен қатар таным көкжиегін дамыту мақсатында қалалық білім беру бөлімімен біріге спорттық және мәдени бағыттағы бірнеше үйірме де жұмысын бастапты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.