Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алаяқ құрықталды

c 14:52, 28/09/2018 c 528

Оралда мамыр айынан мен қыркүйектің 7-сіне дейін бірнеше адамды алдап соғып, ақшасын жымқырып кеткен алаяқ ұсталды. Күдікті бес қылмыстық іске қатысы бар деп айыпталып отыр. Құқық қорғаушылар күдіктіні жауапкершілікке тарту үшін ісін сотқа жолдап, оған қатысты үкім шыққан.
Алайда, азаматтарды алдап-арбаумен айналысатын күдікті жақында тағы бір адамнан айласын асырып, қаражатты қалтасына басқан факті анықталыпты. Күдікті зардап шеккен азаматтардың үйіне барып, жиһаз жасайтын ұста болып, тапсырысқа үй жиһаздарын жасап беруге уәде береді. Осылайша алдын ала қаражаттың біразын алып, табанын жалтыратып отырған. Алаяқ азаматтардан түрлі соммадағы қаражатты алғандығы анықталған. Сол себепті полиция қызметкерлері қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын естен шығармауға шақырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.