Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алаңдар қалыпқа келтірілуде

c 17:05, 21/05/2020 c 499

0:00 / 0:00

Қыстан соң, Оралдағы көпшілік демалатын орындар оның ішінде тынымбақтарды қайта қалыпқа келтіру шаралары қолға алынды. Бүгінде шаһардағы барлық демалыс орындарын жаңғырту шараларына қоса абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

Көп ұзамай оралдықтар атқарылған бірқатар жарқын істердің куәсі болмақ. Солардың бірі Тұңғыш президент алаңын қайта қалыпқа келтіру шарасы. Көпшілік орынға тыңғылықты жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бір қуанарлығы облыс орталығында, мұндай демалыс орындарының саны жыл санап артуда. Ал қаламыз күннен-күнге көркейіп келеді.Пайда болатын гүлзарлардан бөлек алаңдардағы сынған, қолайсыз ауа- райының салдарынан бүлінген тақта тастар қайта қалыпқа келіп, абаттандыру шаралары жүзеге асады. Негізінен Тұңғыш Президент алаңы қалалықтардың ең сүйікті орындарының бірі. Сол себепті тұрғындар өздеріне қолайлы жағдайдың жасалғанын қалайды. Естеріңізге сала кетеміз Орал қаласын гүлдендіру бағытында биыл бюджеттен 600 млн. теңге бөлінген. Ал абаттандыру қағидаларының бұзылуына жол берген жеке және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Оларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша айыппұл салынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.