Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжайықта үш қабатты үй бой көтереді

c 17:25, 17/10/2018 c 806

0:00 / 0:00

БҚО Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылында үш қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатырған үйдің құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Үй біткесін ауылдағы кезекте тұрғандар мен бюджеттік мекеме қызметкерлеріне берілетін болады.

Бұл Жайық - Шалқар каналы. Каналдың құрылыс жұмыстары осы жылдың маусым айында аяқталыпты. Қазір Жайық өзені арқылы Шалқар көліне су жіберу басталған. Осы арқылы ауылдық жердегі мал жайылымына, егінге су жіберу көзделген. Қазірдің өзінде осы канал арқылы Ақжайық, Шағатай, Ақсоғым, Аңқаты, Шалқар ауылдарының халқы сумен қамтылып отыр. Бір ғана Ақжайық округінің өзінде 31 шаруа қожалығы тіркелген.

Қазір Ақжайық округының өзінде мал бағып отырған шарулар жеткілікті. Ауыл бойынша 22 шаруа қожалығы бар. Ауылда 800-ге жуық үй бар. Енді осы ауылдың ортасынан үш қабатты үйдің құрлысы жүріп жатыр. Бұл үй 24 пәтерден тұрады, ол үшін бюджеттен 260 млн. қаржы бөлінген. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатырған баспанаға кейін бюджеттік сала мамандары мен кезекте тұрғандар қол жеткізеді.

Үйдің құрлысы 2019 жылы аяқталады деп жоспарланған. Қазір Ақжайық ауылында 700-ден астам үй бар, барлығына да көгілдір отын мен су тартылған. Ауылда 27 бизнес обектісі жұмыс жасап тұр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.