Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақжайық" футболшылары елорда ойыншыларын қабылдады

c 18:00, 24/09/2018 c 421

0:00 / 0:00

Орал қаласының футбол командасы ел чемпионатының премьер лигасы аясындағы кезекті матчын өткізді. Бұл жолғы қарсыласы-Қазақстанның футболдан чемпионы "Астана" командасы. Ойынның алғашқы бөлімі сүбелі ұпайларға толы өтті.

Ойын Петр Атоян атындағы стадионда өтті. Алғашқы ұпай төрешінің он бір метрлік айып добын тағайындауынан соң ашылды. Бірінші гол авторы Ричард Алмейд. Екінші ұпай Алексей Щеткиннің еншісіне жазылды. "Астана" қақпашының осал тұсын пайдаланған Артур Каршаускс тағы бір ұпай ашып, кездесу 2:1 есебімен елордалық қонақтардың пайдасына аяқталды.

"Ақжайық" футбол командасының бас бапкері ойыншыларға разы екенін мәлімдеді. Осы матчтан соң "Ақжайық" турнир кестесінің 8-ші орнында. 26-қыркүйекте жергілікті команда Қостанайдың "Тобылымен" күш сынасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.