Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақжайық" футбол командасы қарсыласына есе жіберді

c 17:13, 27/08/2018 c 705

Оралдың "Ақжайық" футбол командасы ел чемпионатының премьер лигасы аясындағы кезекті кездесуінде ұпай жинау мүмкіндігінен қапы қалды. Матч Шымкенттің "Ордабасы" командасына қарсы өткен болатын. Алаң иелері жерлестерімізден 1 ұпаймен басым түсіп, ойынды осы көрсеткішпен тәмамдады. "Ақжайық" осы кездесуден соң турнир кестесінің 8ші орнында келе жатыр.

Мүмкіндік пайдаланбау салдары ұпайдан ұтылуға әкеліп соқтырды. "Ақжайық" кездесу басында айып добын соғуға мүдделі болды. Өз айып алаңында ойын ережесін бұзған "Ордабасы" қорғаушысы жазаланды. Алғашқы таймда екі команда үшін де турнир кестесіндегі көрсеткіш өзгермеді. Тек екінші таймда есеп ашылып, Ордабасы командасы пайдасына доп соғылды. Осылайша кездесу 1:0-мен аяқталды. Қазіргі кезде чемпионатта үзіліс жариялануда. Жерлестеріміз турнир кестесінің 8-ші орнында келе жатыр. "Ақжайық" футбол командасының кезекті кездесуі 16-қыркүйек күні Алматының "Қайрат" командасына қарсы өнер көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.