Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжайық ауданы 92% көгілдір отынмен қамтылған

c 17:14, 05/02/2019 c 690

0:00 / 0:00

БҚО - да ауылдарды газдандыру және ауыз су тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.Осындай жұмыстардың нәтижесінде БҚО Ақжайық ауданы 84 пайыз таза ауыз сумен қамтылса, ауданның 92 пайызы көгілдір отынға қосылған.Бұл ақпаратты халық алдында есеп берген аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов айтты.Бүгінде аудан 92 пайыз көгілдір отынмен қамтылған. Биылғы жоспар бойынша 11 елді -мекенді көгілдір отын көзіне қосу жоспарда тұр.Ал, ауылдарға ауыз су тарту мәселесі жоспарлы түрде жүргізіліп келеді.2018 жылдың өзінде Сайқұдық,Әтібек,Қамыстыкөл ауылдарына таза ауыз су тартылған.Ал, Шабдаржап, Томпақ ауылдарына су тарту жұмыстары былтыр басталған, енді биыл ол жұмыстарды аяқтау көзделіп отыр.Биылғы жоспарда 7 ауылға су тарту көзделген.
Ақжайық ауданы негізінен мал шаруашылығымен айналысады.Бүгінде мал басын асылдандыру, саның көбейту бағытында шаруалар жасалып жатыр. Бүгінде Ақжайық ауданы бойынша асыл тұқымды ірі қара өсіретін 44, жылқы өсіретін 7,қой өсіретін 2 қожалық жұмыс жасап тұр.Бұлардың бәрі де асыл тұқымды мал басын көбейтумен айналысып келеді.Мемлекет тарапынан "Сыбаға" бағдарламасы арқылы тиісті көмекті де алып отыр.Қазір Ақжайық ауданы бойынша 305 қыстақ мал бағып отыр.Шаруа қожалықтары малды бағудың заманауи түріне көшкен.Бүгінде 3 шаруа қожалығы GPS бағдарламасы арқылы малды қадағалап отырса, 1 шаруа қожалығы электронды бақташы құрылғысы мен дрон сатып алыпты.
Халыққа қажетті өнімдерді қол жетімді бағамен сату мақсатында аудан бойынша 33 мәрте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіпті.Халық алдында есеп берген аудан әкімі Қалияр Айтмағамбетов аудан халқын баспанамен қамту бағытында да біраз тірліктің жасалғанын баян етті. Атап айтсақ кезекте тұрған отбасыларға деп аудан орталығынан 3 қабатты тұрғын үй салу көзделіп отыр.Бұдан бөлек ауылдық жерлерде де баспана салу жоспары бар.
Аудан әкімінің есебін тыңдауға келген халықтың көп бөлігі әкім жұмысына риза екендіктерін жеткізді.Ақжайық ауданында шұғыл шешуді қажет ететін үлкен мәселе де жоқтың қасы, тек Жайықтың Бұқар беті мен аудан орталығын қосатын көпір болса деген сұрақ болды.Бұл мәселеге қатысты әкім қазіргі таңда құжаттары дайындалып, конкурсқа жолданды деп жауап берді.
Ақжайық ауданы әкімінің есебіне қатысқан БҚО әкмінің бірінші орынбасары Ақжайық ауданының даму бағытына жоғары баға беріп, аудан халқына алғыс білдірді.
Ақжайық ауданы бойынша цифрландыру жобасы да қарқынды дамып жатыр.Бүгінде білім беру нысандары мен денсаулық сақтау ұйымдары ғаламтор желісімен толық қамтылған.Ал, аудан әкімідігі жанынан жұмыс жасап тұрған ашық әкңмдік жобасы толықтай осы цифрландырудың жемісі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.