Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жаз шыға киіктердің жаппай қырылғаны белгілі

c 00:00, 06/08/2015 c 681

0:00 / 0:00

Белгісіз дерттен мыңдаған киелі жануар жер жастанды. Енді табыиғатты қорғаушы полицейлер саны азайып кеткен киіктерге қол салған броконерлерді ұстап жатыр. Жақында арнайы іс шара кезінде полицейлер заңсыз аң аулаға қатысты 40 заң бұзушылықты анықтады. Осындай табиғатқа зиян келтірген деген дерекпен 9 қылмыстық іс қозғалды. Жалпы айыппұл көлемі 800 мың теңгеден асады. Табиғатқа залал келтірілуіне қатысты деректердің ішінде жасыл желекті отау, өсіп тұрған ағаштарға балта салу деректері де кездеседі. Броконерлерден ұзындығы 1 шақырымды қамтитын ау тәркіленген. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында далалықта 30 жастар шамасындағы ауыл тұрғынының көлігінен тәртіп сақшылары 102 дана киік мүйізін тауыпты. Заңсыз киік аулаған ауылдықтан 12 калибрлі аңшы мылтығы мен бір бас киіктің тушасы табылған. Заңсыз киік аулаған жігіт те енді өз жазасын алатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.