Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақша айырбастау нүктелері тығырыққа тіреліп отыр

c 18:16, 27/08/2019 c 666

0:00 / 0:00

Бұған басты себеп-Ұлттық банк жариялаған жаңа тәртіпті енгізу өзгерісі. 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап айырбастау пунктеріне қатысты бірқатар талаптар қатаңдатылғалы отыр. Оның ішінде жарғылық қордың көлемі, жұмыс графигі және өзге де өзгерістер бар көрінеді. Кәсіпкерлер мұндай жаңашылдықтарға наразы болып, Ұлттық банктің бұл шешімінде барлық жағдай жан-жақты ескерлімегенін алға тартуда.

Ұлттық банк ақша айырбастау нүктелерінің жұмысын бұрынғыдай тәулік бойы үзіліссіз емес, таңғы сағат 10-нан 19:00ге дейін қылып өзгерткелі отыр. Және жарғылық капитал көлемін 20 млн. теңгенің орнына 100 млн. теңгеге дейін арттырып қоймақшы. Валюта айырбастауға келгендердің аты-жөндерін, төлқұжаттарындағы ақпараттарды да тіркеп отыру міндетелмек екен. Бұл өзгерістердің барлығы алдағы жылдың қаңтарынан күшіне енбек. Бірақ кәсіпкерлер мұндай жаңашылдықтармен жұмыс жасау ақылға сыйымсыз деп санайды.

((Галина Коробкова,  кәсіпкер:

Бұл мүмкін емес. Біріншіден біздің шағын қаламыз үшін. Екіншіден клиенттеріміз келіп, сіздерде осындай сома міндетті түрде болады ма деп сұрайды. түсініп тұрсыздар Ма? 20 млн.теңге үшін қарақшылық шабуыл жасап жастса, 100 млн. теңге үшін адам өлтіруден тайынбас. Неліктен Ұлттық банк бәріне жар салып, бізді әшкерелеп отыр? қараптап қарап 20 млн. теңгені банкке салып қою бізге тиімсіз.))

 

Қалада 128 ақша айырбастау пункті бар екен. Оларға камераға қызмет ететін техника сатып алу ұсынылылады. Егер тексеріс кезінде кассадағы сома сәйкес келмесе өз қалталарынан төлеуге мәжбүрлейтін болады.

((Галина Коробкова, кәсіпкер:

Неліктен бұлай жасап жатыр? Тағы бір рет банктерді қолдап, бізді бұл бизнес тықсыру үшін бе? Бізде валюта сату мен сатып алу арасындағы айырмашылық 0,3-05. Ал банктерде - 1,5-2. Олар халыққа соққы жасағалы отыр. Егер осындай шешім шығарса, біздер қызметімізді тоқтатамыз. Басқаша жол жоқ ))

Ал Оңтүстіктте де жағдай оңып тұрған жоқ. Шымкентте 2018 жылы 24 айырбас нүктесі жабылып қалыпты. Басты себеп- қаржылық қиындықтар мен салықтар. Ең аз және ең көп базалық мөлшерлеме 10-нан 50 айлық есептік көрсеткішке пара-пар. Бизнес өкілдері де, кәсіпкерлер палатасы да мұнымен келіспейді. Ұлттық банк қоғамда қалыптасқан айырбас нүктелерінің жағдайына қатысты қандай да бір сұхбат беруден бас тартып отыр. Олардың айтуынша, барлық ақпарат БАҚ бетінде анық түсіндірілген.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.