Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақсайдағы жағдай жақсара ма?

c 18:00, 26/08/2019 c 574

0:00 / 0:00

Ақсайдағы жағдай қашан жақсарады? Естеріңізде болса, өткен аптада өңірімізге қарасты Ақсай қаласының қаптаған қоқыстың ордасына айналғанын айтқан болатынбыз. Жаз бойына тазармаған шағын қаланың тұрғындары өздерінің арыз-шағымдарын облыс әкімінің өзіне жазған. Өткен аптаның аяғында өңір әкімі ғали есқалиев аяқтай барып, ақсайлық тұрғындардың жағдайымен танысты.

Ақсай қаласының қоқыстың ордасына айналғанын ақпарат құралдары арқылы ел ішіне тез жайылды. Тұрмыстық қалдықтардың арасында қалған тұрғындар амалсыздан әлеуметтік желі арқылы облыс әкімінен жәрдем сұраған. Ақсайлықтардың жағдайымен аяқтай барып таныспақ болған облыс әкімі Есқалиев Бөрлі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында қоқыс шығару мәселесінде неліктен кемшілік кеткенін сұрап, салаға жауапты мамандар мәліметіне құлақ асты. Аудандық атқа мінерлер 1986 жылы іске қосылған полигонның 99 пайызға лық толы екендігін жеткізді. Аумақ қорғалмағандықтан, оның қанша шақырымға шашылып жатқандығын айтуда да қиын. Құжат жүзінде қоқыс аумағы 19 гектарға жайылған және экологиялық талаптарға да сай келмейді. Жаңасын салу үшін бір жылдан бері жобалық -сметалық құжат жасақталып жатыр. Десек те, полигонның қай жерде орналасатындығы белгісіз болғандықтан сараптама берілмей отыр.

Мамандар уәжін тыңдаған облыс әкімі мәселені созбалаңға салмай 1-ші қазанға дейін түбегейлі шешуді тапсырды. Қоқысты жинауға мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жауапты компанияны тауып, ол 5 жылға дейін жөнді жұмыс жасауы керектігін айтты.

Сондай-ақ, облыс әкімі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында мұнай мен газ саласында қызмет жасайтын компания өкілдерімен де жүздесті. Кездесу барысында сөз алған аймақ басшысы шетелдік жұмысшыларды жұмысқа қабылдауға байланысты заңға өзгерістер енгізілгендігін ескертті. Мәселен, 3-ші санаттағы қызметке шетелдік мамандарды шақыртып қабылдауға квота саны азайса, 4-ші санаттағы жұмысқа бұрыңғыдай жолбикелерді тартуға түбегейлі тыйым салынады.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.