Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарғандар енді қамауға алынады

c 17:23, 24/12/2018 c 643

0:00 / 0:00

Әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарғандар енді қамауға алынады.Бұл әдіс Орал қаласында жүзеге асып басталып та кетті. Жуырда ғана Орал қаласында соттың шешімімен өзіне салынған әкімшілік айыппұлды төлемеген бір адам бес күнге қамауға алынған болатын.Полиция өкілдері мұндай қадамға амалдың жоқтығынан барып отыр деуге болады. Әйтпеген күнде азаматтар өзеріне салынған айыппұлдарды уақытылы төлеуге асықпайды, соттың шешімін орындауға құлықсыз.Сондықтан да әкімшілік айыппұлдарға мұрын шүйіріп қарағандар әкімшілік қамауға алынады, ал, оның ар жағында қылмыстық істің мәселесі қылқыйып тұрады. Бір сөзбен айтқанда әкімшілік айыппұлдарға жүрдім - бардым қарауға болмайды.

Ешқандай әрекет жазасыз қалмайды.Қоғамдық орындарда төбелес шығарып немесе көрші -көлемнің берекесін қашырасыз ба, әлде көпшілік жүретін жерде тәртіп бұзасыз ба, ішімдік ішіп елдің мазасын алып, көшеге темекінің тұқылын тастайсыз ба мұның бәрі әкімшілк жауапқа тартылатын әректтер.Ол үшін адамдарға арнайы хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұлдар салынады.Жол ережесіне пысқырмай, көшеде қалауынша түрліәрекеттер жасайтын көлік иелері де әкімшілк айыппұлдан ада емес.Полиция департаменті берген дерекке көз жүгіртсек 2018 жылы 87 673 әкімшілік айыппұл салынған.Соның ішінде 62 269 әкімшілк айыппұл иесі өз еркімен айыппұлдарын төлепті.
Жол жүру ережесін бұзып, өздеріне салынған айыппұлдарды уақытында төлемеген 771 адамның көлігі айыптұрағына қойылған.Бұдан бөлек Армения, Ресей, Қырғызстаннан көлік айдап келіп, шетелдік нөмірмен жүрген 266 автокөлікке айыппұл салынған.Демек, шет елдік нөмірлі көліктер жазадан сытылып кетуге болады деген қағида жүрмейді.Тәртіп бұздыңыз, жердің астына түсіп кетсеңіз де берешағыңызды өтеп кетесіз.Ал, өзіне салынған айыппұлға жүрдім - бардым қараған Оралдық бір азамт жақында бес күнге әкімшілк қамауға алынды.Бар болғаны 36 мың 75 теңге үшін бес күнге қамалды.
Айыппұлдарды төлеуден бас тартып, сот орындаушының сөзіне құлақ аспағандар енді осылай әкімшілік қамауға алына бермек.Ол үшін сіздің басыңызда миллиондаған айыппұл болудың қажеті жоқ, 10-15 мың үшін де сотталып кетуіңіз мүмкін.Одан қалса әдейі төлемегеніңіз үшін үстіңізден қылмыстық іс қозғайды.
Бүгінде әкімшілік айыппұлдардың ең көбі жол ережесін бұзатындарға қатысты салынады. Жол ережесін бұзғаны үшін 14 мың айыппұл парағы толтырылған, ал қоғамдық тәртіпті бұзғандар үшін 11 мың айыппұл салынған. Әкімшілік айыппұлдарды өндіру ісінде полиция жеке сот орындаушыларымен бірігіп алдағы уақытта да жұмыс жасай бермек. Айыппұлдарын төлемеген азаматтар енді жауаптан жалтара алмайды. Сондықтан полиция өкілдері әр азаматқа өзіне салынған айыппұлды уақытылы төлеуге шақырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.