Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘКІМДЕР УӘДЕСІН ОРЫНДАЙ АЛМАДЫ

c 19:43, 29/05/2023 c 192

0:00 / 0:00

Премьер -министр Әлихан Смайылов негізгі капиталға қаржы тарту қарқыны бойынша екі министрліктің жұмысын "әлсіз" деп атаса, өңірге инвестиция тартуда екі әкім уәдесінде тұрмады деп сынады. Бұл мәселе Инвестициялық штаб отырысында талқыланған еді.

Инвестиция тартып, ақсап тұрған саланы аяғынан тұрғызу әкмідер мен министрлердің қазіргі бас ауыртып жатқан шаруасы. Үкіметтің инвестициялық шатаб отырысында негізгі капиталға инвестициялар және тікелей шетелдік инвестициялар тарту мәселесі қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметінше, биылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемі 3,8 триллион теңге болған.

Дегенмен, үкімет басшысы негізгі капиталға қаржы тарту қарқыны бойынша екі министрліктің жұмысын "әлсіз" деп бағалады. Олар Мәдениет және Цифрлық даму министрілктері. Аталған министрліктердің басшыларына IT саласындағы жобалар санын ұлғайтуды, сондай-ақ туризм саласына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді жіті тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімдерінің де инвестиция тартудағы жұмысы майшаммен қаралды. Смайылов 4 айдың қорытындысы бойынша облыстар мен орталық мемлекеттік органдардың дені негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша 8 өңір тиісті көрсеткішке қол жетікзе алмай отыр. Бұл облыс әкімдері уәдесінде тұра алмады деп сынады.

Инвестициялық ахуалды талықлай келе, Үкімет басшысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша инвестицияларға жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.