Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкімдер сайлауы

c 09:16, 14/04/2021 c 583

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісінде «Сайлау  туралы заңға өзгерістер енгізу туралы » заң жобасы таныстырылды.Бұл құжат әкімдер сайлауын қамтып отыр. Заң жобасына сәйкес, ауыл әкімдігіне үміткерлерді саяси партиялар ұсына алады және өзін-өзі ұсынуға болады. Өзін-өзі ұсынғандар сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинауы керек. Ауыл әкіміне ұсынылған кандидаттардың жасы 25-тен асуы қажет.  Қазақстан Республикасының азаматы, әрі сотталмаған болуы керек.

Ауыл әкімдерін сайлауға дайындық басталды. Бүгін Мәжіліс әкімдер сайлауын қамтыған заң жобасымен танысты.  Әкім лауазымына үміткерлерді саяси партиялар өз мүшелерінің арасынан ұсынады немесе өз-өзін ұсына алады.  Өзін-өзі ұсынушылар сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау керек. Жобаны талқылау барысында, бірін-бір жақсы білетін ауылдықтар арасында әкім сайлауына түсуі үшін қол жинаудың қажеті жоқ деген ойлар да айтылды.  Әкім боламын деген үміткердің жасы 25 –тен асуы тиіс. Қазақстан азаматы  болуы міндетті. Сотталмаған болуы керек.  Сондай-ақ, кандидат кем дегенде қандайда бір ұйымда басшы міндетін атқарған адам болуы қажет. Алайда, заңгерлер бұл талап дұрыс емес дейді.

Сәуле Амандықова – заң ғылымдарының докторы «Әкім болуы үшін кем дегенде 2 жыл бір ұйымда басшы болуы тиіс делінген. Тіпті мемлекеттік орган да емес. Меніңше бұл дұрыс талап емес. Үміткер ауылдықтардың талабын, қажетін білетін адам болса, сол ауылдың тұрғыны болса оған мұның қажеті қанша? Мұндай талаппен ол үміткер бола алмайды ғой».

Алайда, вице-министр бұл талаптан бас тартпайтындарын айтты.

Әлішер Әбдіқадыров – ҚР ұлттық экономика вице-министрі «Әкімнің жұмысы бюджетпен, құжаттармен байланысты. Басшылық тәжірибесі болғаны жөн».

Заң жобасын таныстырған ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, ауыл әкімдерінің сайлауы 40 күн бұрын жарияланады. Кандидаттарды тіркеу сайлау жарияланған күннің ертеңінде басталып, сайлау күніне 15 күн қалғанда аяқталады. Осылайша үміткерді ұсыну мерзімі 14 күнге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде үміткер тіркелуге қажетті құжаттарды жинап үлгеруі тиіс. Кандидаттарды тіркеу сайлау күніне 10 күн қалғанда аяқталады. Осы кезде аумақтық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың растығын тексереді. Ауыл әкімін сайлау ағымдағы жылдың тамыз айында өтеді. Заң жобасы бойынша, әкімдер сайлауын алғашқы екі жылда ОСК қаржыландырады. Жалпы әкімдер сайлауына 17,6 млрд теңге қажет. Оның 4,8 млрд теңгесі биылғы жылы 800 әкімді сайлауға жұмсалмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.