Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақ жол" депутаттары кәсіпкерлермен кездесті

c 17:48, 10/08/2021 c 891

Кәсіпкерлік саласына қолдау қажет. Екі жылға жуық шектеу шараларынан көз ашпаған бизнес субъектілері «Аshyq» қосымшасымен жұмыс жасағанымен әлі де болса бірқатар мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясының депутаты Ерлан Барлыбаев SITY Center сауда ойын-сауық кешенінің кәсіпкерлерімен кездесті. Онда бизнесмендер карантиндік шектеулердің жұмсармай отырғанына алаңдаушылық білдірді. Естеріңізге сала кетеміз, БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда орталықтарының жұмысына демалыс күндері шектеу қойылған болатын.Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлан Барлыбаев пен Серік Ерубаев, партияның облыстық филиал төрағасы Серік Мерғалиев Орал қаласындағы ең ірі сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесті. Бұл жерде 300-ден астам кәсіпкер сауда нүктелерін жалға алып, ондаған жыл бойы жұмысын жүргізіп келеді. Алайда карантинге байланысты қатаң әрі, олардың сөзінше, “қисынсыз” шектеулер бизнес өкілдерінің құтын қашырып, сауда жасауға мүлдем мүмкіндік бермей отыр. Бұған қоса ғимарат ішіндегі кинотеатр иелері де жұмыс жасау регламентімен мүлдем келіспейтіндіктерін айтады.Кездесу барысында депутат Ерлан Барлыбаев аталған мәселелер бойынша облыстың бас санитарлық дәрігерімен кездесіп, кәсіпкерлердің талап-шағымдарын ескеретіндігін жеткізді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің сауалдарына “Ақ жол” партиясының жергілікті деңгейдегі облыс, қала, аудандық мәслихат депутаттары да жауап берді.Аталған мәселелер бүгін түстен кейін партияның облыстық филиалында өңірдің бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев, кәсіпкерлер палатасы филиалы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаев және депутаттардың, кәсіпкерлердің қатысуымен өтетін басқосуда талқыланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.