Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аймағымызда алғашқы рет «Ауыл әйелдерінің форумы" өтті

c 08:59, 07/08/2019 c 591

Бесік тербеген әйелдер бүгінде кәсіпті де бес саусағындай меңгерген.
Олардың ауыл аймақтарды дамытуда атқарып отырған рөлі ұшан-теңіз, - дейді шарапаты мол шарада сөз алғандар. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту, жұмыссыздықты жою, шағын және орта кәсіпкерлік салаларын ілгерілетуде нәзік жандардың жасап жатырған ісі көпке үлгі.
мәселен, еліміздегі 240 мың шаруа қожалығының 40 мыңын әйелдер билейді. Ауылдардағы мемлекеттік мекемелерде де әйелдер саны әлдеқайда басым.

Атаулы шараға еліміздің әр түкпірінен 200-ден аса делегат келді. Солардың сапында Ақмола облысының Заречен ауылдық округінің әкімі де бар. Аталмыш елді мекен көлемі шағын болғанымен, кәсіпкерлерінің көптігімен көпке үлгі.

"Ауыл – халқымыздың бірлігі мен тарихы, тұтастай алғанда ел дамуының қайнар көзі. Ауылды өркендету мемлекетімізді дамытудың маңызды шарттарының бірі. Біздің ауылда 10 жуық қыз-келіншектер кәсіпкерлікпен қарқынды түрде айналысып келеді. Шаруа қожалығының тұтқасын ұстап келе жатырған азаматшалардың бары қуантады, - дейді атаулы шараға қатысқан Ақмола облысы, Зареченский ауылдық округінің әкімі Наталья Милюк.

Бүгінгі таңда 1 жарым мың әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша өз бизнесін ашып, ауылда тұрып-ақ аста төк табыс табуға болатынына өзгенің көзін жеткізіп келеді. форум қонағы Шолпанай Тұрдышева 2016 жылғы "Coca Cola Белестері" байқауының жеңімпазы. Қайтарымсыз грант иегері Қарағанды облысының бір кентінде аумағы 1 га жерге 2200 шаршы метр жылыжай салып, қияр мен қызанақ өсіріп, 5 қыз-келіншекті тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

"Бастаған кәсібімді ұлғайту жоспарда. Қазір өзім тұрып жатқан ауданда бірнеше шәкірттерім бар. Өз кәсібін ашамын дейтіндерге мемлекет тарапынан қолдау жетерлік. Тек қорықпау керек", - деп атап өтті форум делегаты Шолпанай Тұрдышева.

Ұйымдастырушылар еліміз бойынша өткен жылдың қараша айында бастау алған айтулы форумды еліміздің әр аймағында өткізуді жоспарлап отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.