Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ-РАМАЗАН!

c 17:59, 28/03/2022 c 401

0:00 / 0:00

Биыл қасиетті рамазан айы сәуірдің екісінен басталады. Бұл туралы қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады. Алғашқы тауарих намазы сәуірдің бірі түнде оқылып, таңмен таласа күллі мұсылман қауым құлшылығына кіріседі.

Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айы сәуірдің екісінде басталады. Жамағат отыз күн бойы ораза ұстап, құлшылық жасап, қайырымды іспен айналысады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл пітір садақаның мөлшерін 500 теңге деп бекітті.

Пандемияның кесірінен діни мекемелерде адамдардың көп жиналуына тыйым салынғаны есімізде. Мамандар биыл барлық жөн-жоралғы қаз-қалпында ұйымдастырылатынын айтады. Намаз оқылып, мешіт жанынан ауызашарлар беріледі. Рамазан айы-құлшылық айы. Өзге айлардың сұлтаны саналатын оразада қайырымдылықпен көптеп айналысқан жан мол сауапқа кенеледі,-дейді имамдар. Өзгеге көмек қолын созып, сауап жинауға асығыңыздар, ағайын!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.