Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әйелін 30 мәрте пышақтанның ісі сотта қаралуда

c 15:16, 22/11/2021 c 860

0:00 / 0:00

Бұрынғы әйелін 33 жерден пышақтап өлтірген экус-шенеунік Бауыржан Хайруллинге қатысты сот процессі басталды. Марқұмның туыстары айыпты заң аясында әділ жазасын алса дейді. Естеріңізге сала кетеміз, қайғылы оқиға биыл 19-шы сәуір күні болған еді. Аса қатыгездікпен өлтірілген келіншектің туыстары әділдік сұрайды. Яғни, бұл іске айыпты деп танылған күдіктіге марқұмның туыстары өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын дейді. Марқұм Айнагүлдің анасы Кәкима Қажипанова қанды оқиғаның дүйсенбі күні болғанын еске алды. Ол бауыр еті баласын айуандықпен өлтірген күдікті не өлімге кесіліп, не қалған өмірін тар қапаста өткізуі керек дейді.Марқұмның туыстары бұрынғы күйеу балаларының қыздарына көрсетпеген қорлығы жоғын, әйелін ұрып-соғуды әдетке айналдырған жігіттің оны өлтіруге дайындалғанын айтады. Айыпталушының үстінен бүгінде "Адам өлтіру" фактісі бойынша қылымыстық іс қозғалған. Ал Бауыржан Хайруллин өзінің қандықол әрекетін ішнәра мойындаған. Қазір марқұмның ұлы мен қызы Айнагүлдың ағасының қамқорлығында. Сот процессі желтоқсанның 2-сі күні жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.