Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Агрокәсіпті қолдау- ел болашағы

c 16:22, 19/03/2020 c 530

0:00 / 0:00

Биыл БҚО бойынша ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында 6 миллиардтан астам қаржы бөлінген. Бұл қаржы ауыл шаруашылығы саласындағы мал басын арттырамын, қожалығымды дамытамын деушілерге несие ретінде беріледі. Осылайша әр адам мемлекеттің қолдауын пайдаланып, мал басын көбейтіп, жағдайын дұрыстап алуына болады. Былтыр 2019 жылы осы агро несиені пайдаланып, БҚО шаруалары 9 мыңнан астам ірі қара малын сатып алған.

Өмірін мал шаруашылығымен байланыстыратын ауылдықтар үшін агро несиенің пайдасы зор. Мал басын көбейтіп, ата кәсіпті жандандырамын дейтіндерге қазір қолдау күшті. Шаруашылығы енді басталған жас кәсіпкерлер үшін «Іскер» бағдарламасы тиімді. Осы бағдарлама арқылы жеңілдікпен несие алып, мал басын көбейтуге, ауыл шаруашылығына қажетті техника алуына болады. Ал ірі көлемдегі шаруа қожалықтары «Агробизнес» бағдарламасын пайдаланады. Бұл бағдарламаны да кезек келген қожалық иесі алып, шаруашылығын одан әрі үлкейтуіне болады.
Ал, "Сыбаға" бағдарламасы ірі шаруа қожалықтарын қолдауға арналған. Әсіресе асыл тұқымды ірі қара малының басын көбейтемін дейтіндер осы бағдарлама арқылы несие алады. Олар асыл тұқымды ірі қара малын алыс- жақын шетелдерден әкеледі. Қазір тек шетелден тасымалдап жеткізу ісінде қиындық бар. Оның себебі біріншіден- алдамайтын, дұрыс сатушы табу қиын, екіншіден өлтірмей, зиянын тигізбей, елге сол малды аман-есен әкелетін тасымалдаушы табу қиын. Қазір карантинге көп шекаралар жабылып қалды. Малды шетелден әкелудің әлегі біраз баршылық.
Төрт түлік малды бағып, ата кәсіпті жандандырамын дегендерге осы агро несие бағдарламасы тиімді. Мемлекеттің бұл қодауын әр адам пайдалана алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.