Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ағаш отырғызуға 82 млрд. теңге бөлінеді

c 09:28, 16/06/2021 c 567

0:00 / 0:00

Қоршаған ортаны ластанудан қорғау мақсатында алдағы бес жылда 2 млрд ағаш отырғызылады. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 80 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек. Экологияны қорғау мәселесі бүгінгі үкіметтің отырысында басты тақырып болды.  Еліміздің бас экологы Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес, былтырғы жылы 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің ішінен 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне кірді. Бұл - Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары.

Қоршаған ортаның ластануы  жаһандық проблема. Қазақстан енді ғана Экологиялық кодексті қабылдап, ауаны ластап жатқан ірі кәсіпорындарындағы заң бұзушылықтарды анықтауға кірісті. Елдегі  негізгі экологиялық проблемалар - атмосфералық ауаның, жерүсті суларының ластануы және қалдықтармен жұмыстың жоқтығы. Ірі кәсіпорындардың шығындылары ауаны ластап жатыр. Бәрі бірдей экологиялық талаптарды сақтамайды. Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, елімзде  атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне  10 қала кіріп отыр. Ірі мегаполистер көш бастап тұр.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында санитарлық және экологиялық талаптар сақталмаған.  Қоқысты қайта өңдеу жұмысы төмен. Қоқыс жинау мәдениеті қалыптаспаған. Қала маңдарында құрылыс материалдарының үйіндісі аяқ алғызбайды. Премьер-министр елде құрылыс полигондары жоғын айтты.

Үкімет алдағы бес жылда табиғаттың өкпесі болып табылатын орман алқабын кеңейтуді қолға алып отыр.  2 млрд ағаш отырғызуға республикалық әне жергілікті бюджеттен 80 млрд теңгеден артық қаржы бөлінбек.

Әлия Шалабекова –ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі «5 жыл ішінде республикалық бюджеттен 22,4 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден 60 млрд тенге бөлу қарастырылған. Қаржы материалдық-техникалық жарақтандыруға, ағаш  отырғызу машиналарына, культиваторларға, қосалқы бөлшектер сатып алуға жұмсалмақ».

Осылайша, қоршаған ортаны қорғаудың бір жолы ағаш отырғызу деп тапқан үкімет қыруар қаржыны осы салаға бөлмекші. Ең бастысы бұл қаражат жолда қолды болмай, көздеген жеріне жетіп, ел  игілігіне жұмсалса деген үміт бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.