Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЭС КІМ САЛАДЫ?

c 09:41, 05/01/2023 c 239

0:00 / 0:00

Қазақстан Атом электр станциясын кім салады? Үкімет бұл сұраққа көп жылдан бері нақты жауап айта алмай келеді. Жалпы елде АЭС салу мәселесі соңғы он жылда күн тәртібінен түскен емес. Бірақ нақты шешім шықпады. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, біздің ел 4 мердігер компания бойынша таңдау жүргізіп жатыр.

Қазақстанда АЭС салу мәселесіне әлі нүкте қойылған жоқ. Соңғы он жылдың еншісіндегі бұл сұраққа үкіметтегілердің өзі жауап айта алмауда. Бірақ оның салынатын орны белгіленіп қойды. Ендігі мәселесі ядролық раекторды салатын шетелдік компанияны анықтау керек. Үкімет 4 мердігер компания бойынша таңдау жүргізіп жатқан көрінеді. Оның ішінде, қытайлық, кореялық, ресейлік және француздық компаниялар бар.

БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Біздің ел 4 мердігер компания бойынша таңдау жүргізіп жатыр. Олар: қытайлық CNNC, кореялық KHNP, ресейлік «Росатом» және француздық EDF.Мен шенеунік ретінде олардың қайсысын таңдайтынымды айта алмаймын. Елімізге не керек екенін таңдауымыз керек. Бұл сұрақты кешенді түрде таңдауымыз керек. Бізге ең алдымен станцияны салудағы маңызды мәселе – қауіпсіздік. Оның ішінде кадр да бар. Бізге өте көп кадр керек».

Министрдің айтуынша, Атом электр станциясын Алматы облысының Жамбыл ауданында салу ұсынылған. Қазақстан 2009 жылдан бері табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 21,6 мың тонна көлемінде уран өндірілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.