Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АДВОКАТТЫҢ РӨЛІ

c 21:03, 29/05/2023 c 322

0:00 / 0:00

Астанада жеке сот орындаушылар, нотариустар, адвокаттар, сот сарапшыларды және патенттік сенім білдірілген өкілдерді автоматтандырылған режимдегі аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты жиын өтті.Бұл шараға әділет министрі Азамат Есқараев да қатысқан еді. Біздің тілшілер министрге қазақстандық адвокаттардың рөліне қатысты сұрақ қойған еді.

Қазақстандық адвокаттар сотта прокурорлар мен қорғаушылар арасында іс жүргізу барысында сайыскерлік жоқ екенін айтып шағымданады. Неге отандық адвокаттың құқықтық әлеуеті прокурорға қарағанда төмен. Бұның соңы сотталып жатқан қатардағы қазақстандық үшін қаншалықты қауіпті? Адвокаттардың айтуынша, біздің елде сотта прокурор мен адвокатқа іс жүргізу барысында құжат, факті жинауда бірдей құқық беріледі деп жазылған. Алайда іс жүзінде дәлел жинауда қорғаушылардың қолы қысқа. Мысалы, АҚШ-та адвокат детективтердің дәлелдерін іске тіге алады. Ал бізде әлі күнге дейін детектив институты жоқ. Ал прокурордың жағында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішікі істер министрлігі, антикор не керек құқық қорғау органдары армия болып дәлел жинап береді. Қорғаушы тек адвокаттық сұрауына ғана сүйенеді. Оның өзінде көптеген мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалар адвокаттардың сауалдарын жауапсыз қалдырып та жататын деректер жоқ емес. Сондықтан егер адам сот алдына келді ме, оның ол жерден аман шығуы өте сирек орын алатын көрініс. Енді бұл салада реформа бола ма? Әділет министрлігі адвокаттардың рөлін күшейту үшін қандай шаруа тындырып жатыр?

АЗАМАТ ЕСҚАРАЕВ – ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ «Бұл сұрақ бүгінгі талқыланған мәселемен байланысты емес, дегенмен жауап берейін.Бізде Президенттің адвокаттардың рөлін күшейтуге қатысты тиісті тапсырмасы бар.Сондықтан біз адвокатураның маңыздылығы бағытында жұмыс істеп жатырмыз»

Министрге қойлыған екінші сұрақ-жемқорлық туралы болды. Көпке аян біздің шенеуніктердің мінген көлігін, тұрып жатқан үйін, киген киіміне қарап тапқан табысы бұған қаншалықты сәйкес деген сұрақ туындайды. Өмір бойы 200-300 мың теңге жалақы алып жүрген мемлекеттік қызметкер жылда шетелге барып демалады. Шетел асырып баласын оқытады. Жол талғамайтын автокөлік мінеді. Алайда, көзбен көріп отырған оыс көріністен сыйбалс жемқорлықтың иісі аңқып тұрғанын дәлелдеу үшін оны дәлеледуің керек. Сараптама жүргізу қажет. Жемқорлықты дәлелдеймін деп жүріп, өзің сотты болып кетуің де әбден мүмкін. Қоғам сыйбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуді талап етуде. Ол үшін қатаң заңның арқасында жемқорлықты жеңген Сингапурдың тәжірибесін қолдануымыз мүмкін бе?

АЗАМАТ ЕСҚАРАЕВ – ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ «Сұрағыңызға рақмет! Мен жақында ғана Сингапурдың әділет министрімен кездестім. Екеуміз өзара әріптестік туралы келістік.Соның ішінде біз халықаралық тәжірибені қолдануымыз мүмкін»

Мемлекет жалпыға бірдей декларациядан кейін 2027 жылдан бастап азңсыз байығандардың жауапкершлігіін күшейтпекші. Бұл жерде де айыппұл салып әкімшілік жаупакершілікке тарту қарастырылып отыр. Яғни қымбат, зәулім үйде тұрып жатсаң 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейсің де, жүре бересің.Бұл сенің табысың шығыстарыңмен сәйкеспей жатқанында ешкімнің шаруасы жоқ деген сөз дейді қоғам белсенділері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.