Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Әділдік жолы" атқарған жұмысы бойынша есеп берді

c 17:45, 12/04/2022 c 324

0:00 / 0:00

Өткен жылы құрылған "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері атқарған жұмыстарын баяндап, арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Алғаш рет өткен шарада сөз алған Бауыржан Ахметжан 14 лауазымды тұлғаға қатысты 17 әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

Өткен жылы құрылған "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігі екі бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бірі- сыбайлас жемқорлықпен күрес болса, енді бірі- халықтың құқықтық сауатын арттыру. Жемқорлықпен күресу үшін бірлестік арнайы мониторинг жасайды. Қазіргі таңда осы тексерістің нәтижесінде 14 лауазымды тұлғаға қатысты 17 әкімшілік іс қозғалыпты.

Екінші бағыт-халықпен жүздесіп, олардың құқықтық сауатын арттыру. Күні бүгінге дейін бірлестік қызметкерлері 7 ауданды аралапты. Бауыржан Ахметжанның сөзіне сенсек, жолыққан азаматтардың 60-70 пайызы қарабастың қамы емес, бұқараны толғандыратын сауалдарды жолдап жатады дейді. Және әрбір аудан халқын толғандыратын мәселе де әртүрлі. Мәселен, Шыңғырлаулық ағайынды ғаламторда балаларға арналған қазақ тілді контенттің аздығы мазаласа, Ақсай қаласының тұрғындары КПО-дан бөлінетін млн.даған доллар қаржы тиісті қалаға емес, аймақтың өзге аудандарына жұмсалатына көңілдері толмайды.

"Әділдік жолы" бірлестігінің өкілдері сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғам болып жұмылу керек дейді. Ол үшін мемлекеттік сатып алу порталын бақылап, анализ жасау қажет. Тендерді бақылағым келеді деген жандарға мамандар бар білгендерін үйретуге дайын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.