Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әдеп жөніндегі кеңес болып өтті

c 17:18, 17/09/2018 c 371

Әдеп жөніндегі кеңесте Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Ихсановтың ісі қаралды. Іс өткен жылы Ақсай қаласында бой түзеген су жаңа аялдамаларға қатысты болып отыр. 2017 жылы Ақсай қаласында 20 аялдама 75 млн теңгеге орнатылыпты. Аялдамаларды тым қымбатқа орнатқаны үшін Ақсай шаһарының әкімі істі болып, жауапқа тартылған еді. Қазіргі таңда, сот үкімі заңды күшіне енген. Әдеп жөніндегі кеңесте аудан әкімінің орынбасары құны қымбат аялдамаларды орнатуға рұқсат берді деген айыппен, жауапқа тартылып отыр. Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде, оған тағылған айыппен толықтай келіспейтінін атап өтті. Лауазымды тұлға жаңа аялдамалардың нақты құнын білмепті. Тіпті орнатуға да ешкімге нұсқау бермегенін айтып ақталды. Әдеп жөніндегі кеңес барлық тараптардың жауабын саралай келе, әдеп жөніндегі істі тоқтатуға шешім қабылдады. Сондай-ақ, Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының ісі де кеңесте қаралды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.