Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әдеп кеңесінің отырысы

c 18:07, 22/10/2021 c 1506

0:00 / 0:00

Әдеп жөніндегі кеңесте Бөкей Ордасы ауданының білім беру басшысының ісі қаралды. Өткен жылы ауданда орналасқан Мәншүк Мәметова атындағы мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеу барысында білім беру ұйымына бейнебақылау құрылғысын орнату керек болған. Мердігер компания аталмыш жабдықтың бағасын құжаттарда қымбаттатып көрсеткен. Яғни, бір камераның құны 120 мың теңге деп белгіленіпті. Алайда құрылғының нарықтағы бағасы 10 мыңнан аспайтын көрінеді.

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыстық білім басқармасының басшысына Бөкей Ордасының білім беру басшысы қызметіне толық сәйкес келмейді деген ескерту жолданды. Өткен жылы ауданның білім беру бөлімінің басшысы Сабиров мырза мектепке орнатылатын камералардың құны қымбат екенін біле тұра, құжатқа қол қояды. Ол қызметке қазан айында келдім. Бұған дейін бейнебақылау құрылғыларын орнатып қойған. Мен бағасын сұрағанымда терроризмге қарсы қауіпсіздікті сақтау үшін камералар мықты, сапалы болу керек. Сондықтан оның бағасы қымбат тұрады деп айтқан еді,- дейді.

Кеңесте осы іске байланысты қылмыстық істің қозғалғаны белгілі болды. Алайда тергеушілер жемқорлық дерегін анықтай алмапты.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев мемлекеттік қызметкерлер ақшаға мұқият болып, жағдайды жіті бақылап отыру керек деп қадап айтты.

Жиында Бөкей Ордасы білім беру бөлімінің басшысы қызметіне толық сәйкес келмейді деген ескерту білім басқармасының басшысына жолдады. Және әдеп кеңесінде "Бесите уже" деген сөзі үшін басқарма басшысының міндетін атқарған Хайруллин мырза қатаң сөгіс алды. Ол тамыз айында облыс әкімімен өткен онлайн жиында бірнеше мәрте бәйәдеп сөз айтыпты. Сол жиынға қатысқан компания өкілі ар-намысымызға зиян келтірді деп мемлекеттік қызметкердің үстінен арыз жазады.

Жиын соңында әдеп өкілдерінің атқарған жұмысының есебі тыңдалды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.