Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әдеп кеңесі

c 17:57, 30/01/2020 c 588

0:00 / 0:00

Тұрғын үйге инженерлік желі тарту үшін мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбей, бір көзден сатып алу бойынша келісімшарт жасаққан бөлім басшысының ісін әдеп кеңесі қарады. Жиында белгілі болғандай Бәйтерек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Арман Джумабеков өткен жылы Калиное ауылында 12 пәтерлік қос үйге инженерлік желі тарту үшін төтенше жағдай тармағымен келісімшарт жасақтасқан. Келісімшарттың құны 45 млн теңгені құраған. Мемлекеттік сатып алу процессіндегі олқылықты аудит тапқан.Олқылықты тексеруге прокуратура қызметкеріне жіберіпті.

Өткен жылы Бәйтерек ауданына қарасты Калиное ауылында пәтер кезегінде тұрғандарға он екі пәтерлік екі үй салынады. Осы ғимараттарға инженерлік желі тарту үшін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Арман Джумабеков аталмыш құрылысты жасау үшін мемлекеттік сатып алу процесін өткізбей, бір мекемемен келісімшартқа отырып, 45 млн теңгені аударған.

Әдеп кеңесінде порталдың жұмыс жасауы аудандық бөлім басшысы мемлекеттік сатып алу конкурсысын ұйымдастырмауы себеп болыпты. Бұны тексеріс жүргізген аудитте растап отыр. Барлық тарапты тыңдаған әдеп кеңесінің мүшелері Джумабековке қатысты "қатаң сөгіс" түрінде жаза қолдануға шешім шығарды.
Сондай-ақ, әдеп кеңесінде қалалық жер қатынастар бөлімі басшысының ісі қаралды. Қала күніне орай, облыс орталығында Махамбет пен Исатай батырға арналған ескерткіш ашылды. ескерткіштер орнатылған аумақ екі кәсіпкерге тиесілі болған. Осы жерлерді мемлекетке мәжбүрлі қайтару үшін арнайы бағалайтын компания жекенің қолындағы жерді бағалауы керек. Ол процесс мемлекеттік сатып алу бойынша жүзеге асады.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы екі рет жеке компанияға жерді бағалатып, кейін мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшартқа қол қояды. Бұны бөлім басшысы былай деп түсіндіріп отыр.

Әдеп жөніндегі кеңесте қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысына ескерту түрінде жаза қолдануға бір ауыздан шешім қабылдады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.