Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Адалдық дүкені ашылды

c 17:31, 17/04/2019 c 1330

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының  мемлекеттік кірістер департементінде сатушысы жоқ, тауардың құнын сатып алушы өзі белгілейтін ерекше сауда нүктесі ашылды. Бұл шағын дүкен  «Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Бұған дейін мұндай дүкен Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде ашылған еді.  Бұл дүкенде әдеттегідей сатушы болмайды. Адалдықтан жиналған қаржы жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға беріледі. Қаражат  арнайы ыдысқа жиналады, өнімдердің бағасын сатып алушылар өздері белгілейді. Мұндай дүкендер барлық ауданда ашылған. Қайырымдылық акциясына өзге де мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер қосылып жатыр. Бұл соның 56-шысы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.