Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Абайлаңыз, балалар!

c 20:11, 07/09/2018 c 2844

0:00 / 0:00

Жолда жүргенде абай болыңыз. Қауіпсіздік ортақ игілік. Осы мақсатта қаламызда  жол-көлік оқиғасының алдын-алу мақсатында "Абайлаңыз балалар" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Акцияны өткізуге жергілікті полиция қызметі мен "Жайық таңы" қоғамдық бірлестігі мұрындық болып отыр. Шара барасында жол ережесі жазылған парақшаларды таратумен қатар,жол ережесін бұзбауды,балалар өмірін сақтауды ұсынды.

Балалардың қатысымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында,сондай-ақ жаңа оқу жылының қарсаңында балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында “Абайлаңыз балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты - балалар жол-көлік травматизмінің алдын-алу болып табылады.
ЖПҚ мәлеметі бойынша ағымдағы жылдың 8 айында облыс аумағында балалардың қатысуымен 32 жол көлік оқиғасы тіркелген.

Шара барысында жолды тыйым салынған жерден өткен азаматтар тоқтатылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ЖКО басты себебі тыйым салынған жерлерден жүргіншілердің жолды кесіп өтуі болып отыр.

Жаяу жүргінші балалармен 15 жол-көлік оқиғасы тіркелсе,соның 16-сы дене жарақаттарын алған. Ал,жаяу жүргіншілердің қатысуымен 87 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,83-і түрлі жарақат алса,8 адам мерт болған.
Шара соңында "Заңтану" мамандығының студенттері жол ережесі жазылған парақшаларды таратып, балаларға жүргінші жолынан өтуге көмектесті.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.