Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған монета айналымға шықты

c 15:17, 01/09/2020 c 348

Қазақтың бас ақыны хәм ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай еліміздің "Ұлттық Банкі" коллекциялық монетаны айналымға шығарды. Монета "ABAI. 175 JYL" деп аталады. Ол "Есте қалар оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан. Жаңадан айналысқа шыққан монетаның үш түрі бар. Біріншісі: номиналы 500 теңгелік, күмістен жасалған. Күмістен жасалған монетаның диаметрі 38,61 мм болса, салмағы 31 граммды құрайды. Оның таралымы 1500 дана. Және қазақтың бас ақынына арнап мельхиор мен нейзильбер қоспаларынан жасалған 100 теңгелік монеталар да жарық көрді. Жаңа монетаны Ұлттық Банктің аумақтық филиалынан сатып алуға болады. Негізінде жаңа монета 10-шы тамызда айналысқа шығарылған еді. Бірақ, оның саудасы Қазақстан Республикасында карантин режимінің ұзартылуына байланысты кейінге қалдырылып, 1-қыркүйектен басталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.