Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

6 қабатты үй қақаған қыста газсыз қалды

c 12:08, 12/02/2018 c 812

Оралдағы 6 қабатты су жаңа үй қақаған қыста газсыз қалды. Сергей Тюленина көшесі, 4 үй тұрғындары бұдан көп қолайсыздық көріп отырғандарын айтып налиды. Алайда газ қызметкерілері қиындықпен күресуге асығар емес. Сергей Тюленина көшесіндегі 4 үйде бүгінде қиындық көп. Су жаңа үйдің түрғындары әсіресе газ мәселесі қиындық тудырғалы көп болғандығын айтады. Үйге мамыр айында қоныстанғандар қыркүйекке дейін газсыз отырған. Алайда қуаныш көпке созылмапты. Ал қазтранс газ аймақ өкілдері бұл үйді көгілдір отыннан әдейі айырғандарын айтады. Себебі, мердігер мекеме баспананы газға заңсыз жалғаған. Бұл факт тұрғын үй құжаттарын тексеру барысында анықталыпты. Бұл үйді газға қоспас бұрын қажетті құжаттар да, бұйрық та қарастырылмаған. Бұл баспанадағы газ мәселесі өз алдына бір қиындық болса, су да біраз қолайсыздық тудырып тұрғаны рас. Тұрғындар ыстық судың мәселесін алға тартады. Ыстық судың қысымы бесінші қабаттан артық көтерілмейтін көрінеді. Мердігер мекеме өкілдері бүгінде заңсыз қосылған газ бен ыстық су мәселесін қолға алып, апта соңына дейін қиындықтарды шешуді уәде етті.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.