Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

800 полицей қаза болды

c 09:59, 29/06/2021 c 560

0:00 / 0:00

Тәуелсіздік жылдарында елімізде 800 полицей қаза болды. Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, тәртіп сақшылары өміріне қауіп төнетін қызметте жүргендіктен, қылмыскердің қолынан қаза табу, жарақат алу деректері тіркелуде. Бүгінде қазақстандық полицияның жаңа бет-бейнесі жасалып жатыр. Халыққа жақын,киім үлгісі де ерекшеленді.

Басты мақсат халыққа жақын полицей қағидатын қалыптастыру. Бұл ел Президентінің Ішкі істер министрлігінің алдына қойған тапсырмасы болатын. Жұрттың көкейкесті проблемаларын тыңдап, қағазға түсіріп ғана қоймай, оны орындау керек. Бүгінде қоғамда полицияға сенім аз. Тіпті қылмыскердің қармағына түскен, алданған жандар тәртіп сақшыларынан үміт күтпейді. Бәрібір іс аяқсыз қалады деген түсіністік қалыптасқан. Өкінішке орай полиция қызметкері тарапынан қылмысты ашу барысында істі тезірек жабуды ойлап, атүсті қарап, кінәсіз адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартатын деректер де жоқ емес. Дегенмен өз қызметіне адал жандар да бар. Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдарында еліміздің 800 полицейі қаза тапты.

Билік полицияға деген халықтың сенімін арттыру үшін, тәртіп сақшыларының жұмыс істеу әдестемесін де жаңартып жатыр. Онымен қоса еліміздің полицейлері жаңа үлгідегі форма киетін болды. Қылмыскерді ұстау барысында ыңғайлы аяқ киім де қарастырылған. Енді қазақстандық полицейлер крассовки киетін болды.

Нұрділдә Ораз – ҚР ІІМ ресми өкілі «Қазақстанда полицейлердің аяқ киімі алғаш рет өзгертілді. Кроссовкалар түрінде ұсынылған тактикалық аяқ киім ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды. Өңірлердің эмблемаларының негізінде киімнің оң жеңіне өңірлік жапсырмалар әзірленді. Бұйымдардағы жиектің түсі қызылдан көкшіл түске ауыстырылды. Жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілерінің бәрінде "POLISIA" жарық шағылыстырғыш жазуы бар.Ал металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылып отыр»

Ішкі істер министрлігі өкілдері форманы дайындау кезінде полиция қызметкерлері үшін барынша ыңғайлы киім жасауға баса назар аудардық деп отыр. Әр түрлі климаттық жағдайлар да ескерілген. Полицейлердің жаңа формасы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жасалған. Тіпті әйел полицейлерге   жазда киетін қосымша көйлек те тігілген. Министрліктегілер жаңа форманы енгізуге  қосымша қаржы жұмсалған жоқ.  Ескі форманың тозуына қарай  бюджетте қарастырылған шығындар аясында  жүзеге асырылмақ деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.